Жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Аталған іс-шараның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты алдын алу және ескерту. Акция 10-шы желтоқсанға дейін жалғасады. Біздің мектепке дейінгі ұйымның педагогтары да шетте қалмады.Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырдық. Атап айтқанда, “Аққу” бөбекжай” КМҚК-да өткен бірыңғай ақпараттық сағатта қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



