2025–2026 оқу жылына арналған КМҚК «Салтанат» бөбекжай-балабақшасының Құзыреттілік орталығы жоспарын іске асыру аясында, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, 2026 жылғы 24 ақпанда ZOOM конференциясы форматында кезекті отырыс өтті. Отырыс барысында өсу нүктелерінің педагогтарымен педагог-психолог Ақбашева Т.М. «Өзін-өзі реттеу тәсілдері» тақырыбында кеңес-практикум өткізді.
Отырыс барысында педагогтар мәселенің теориялық бөлігімен таныстырылды, педагог-психологтың ұсыныстарын алды, сондай-ақ практикалық тапсырмалар арқылы осы мәселе бойынша алған білімдерін бекітті.






