“Оқу-дала жиыны”
Мектебімізде “Оқу-дала жиыны” жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Жиын барысында оқушылар әскери дайындық, саптық жүріс, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, қатысушылар тәртіпке бағыну, жауапкершілік пен командалық жұмыстың маңызын түсінді.
Осындай шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.