«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
Бүгін мектебіміздің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Сенбіліктің басты мақсаты – туған жеріміздің тазалығын сақтау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және табиғатты аялауға шақыру. Ұжым болып атқарылған игі іс туған жерге деген сүйіспеншіліктің, бірлік пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.