«Таңғы сергіту жаттығулары»
«Таңғы сергіту жаттығулары»
2026 жылғы 21 қазан күні Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқу күніне көтеріңкі көңіл күймен кірісу мақсатында таңғы сергіту жаттығулары ұйымдастырылды.
Таңғы жаттығулар барысында оқушылар түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, бойларын сергітті. Іс-шара оқушылардың дене белсенділігін арттыруға, көңіл күйлерін көтеруге және сабаққа деген ынтасын қалыптастыруға ықпал етті.
Таңғы сергіту – денсаулық кепілі, сергек күннің бастауы!