back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мемлекеттік емтихан
05-06-2026 12:40
Мемлекеттік емтихан
2026 жылғы 5 маусымда Р.Асубаев атындағы ЖББМ 11 «қазақ» сыныбында Алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.
Емтиханның мақсаты:
Оқушылардың 10-11 сынып бағдарламасы бойынша алған білім сапасын, есеп шығару дағдысын және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілетін анықтау.
Емтихан барысында тексерілген негізгі тақырыптар:
Функцияның туындысы және қолданылуы
Анықталған интеграл. Қисық сызықты трапецияның ауданы
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер, теңсіздіктер
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері
Мәтіндік және қолданбалы есептер
Емтихан қорытындысы бойынша 11 «қазақ» сыныбының оқушылары жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз білімдерін көрсете білді. Оқушылардың басым бөлігі есептерді дұрыс талдап, шешу жолдарын негіздей алды. Жалпы сыныптың пәнге дайындық деңгейі мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес.
Новости