back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
5–7-сынып оқушылары арасында әсем күз мезгіліне арналған «Күзгі балл» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
21-10-2026 00:03
5–7-сынып оқушылары арасында әсем күз мезгіліне арналған «Күзгі балл» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте 5–7-сынып оқушылары арасында әсем күз мезгіліне арналған «Күзгі балл» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Мерекелік шара барысында оқушылар күздің әсемдігін бейнелейтін өнерлерін көрсетіп, өздерінің тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін танытты. Күзгі әуен мен көтеріңкі көңіл күйге толы кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. 
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, мектеп өмірін қызықты әрі жарқын ете түседі.
Күздің көркі – алтын жапырақ, мектептің көркі – өнерлі ұрпақ!
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілі…
Жаңалықтар