back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«АЛТЫН КҮЗ» ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ
19-10-2026 09:34
«АЛТЫН КҮЗ» ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ
«АЛТЫН КҮЗ» ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІНІҢ ЕСЕБІ
 
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында күз мезгілінің әсемдігін дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғи материалдарды тиімді пайдалануға үйрету мақсатында «Алтын күз» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
 
Көрменің басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, еңбекке баулу және шығармашылық ізденістерін қолдау.
 
Көрмеге 1–4-сынып оқушылары белсене қатысып, күзгі табиғаттың байлығын бейнелейтін түрлі қолөнер туындыларын ұсынды. Оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, күзгі жапырақтардан, ағаш бұтақтарынан, бүрлерден, тұқымдардан, көкөністер мен жемістерден ерекше композициялар, сәндік бұйымдар, түрлі бейнелер мен тақырыптық кітапшалар жасады.
 
Әрбір жұмыс оқушылардың қиялын, шығармашылық ізденісін және шеберлігін көрсетті. Табиғи материалдардан жасалған туындылар күз мезгілінің көркемдігін, табиғаттың молшылығын және күзгі өнімдердің алуан түрлілігін бейнеледі.
 
Көрме барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, еңбектерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар табиғи материалдарды ұқыпты пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды және бірлесіп жұмыс істеуді үйренді.
 
«Алтын күз» қолөнер көрмесі оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың бойында еңбекқорлық, ізденімпаздық, табиғатқа қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
 
Көрмеге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
 
Қорытынды: «Алтын күз» қолөнер көрмесі өз мақсатына жетіп, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырған, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін танытқан мазмұнды іс-шара болды.
 
Ұйымдастырушы: Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
Новости