Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Сәкен оқулары» байқауы жоғары деңгейде өтті.
2026 жылғы 9 қазан күні мектебімізде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл ақын, жалынды жазушы Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Сәкен оқулары» байқауы жоғары деңгейде өтті.
✨ Ауданымыздың әр түкпірінен жиналған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар қатысушылар ақын жырларын жатқа оқып, өздерінің өнері мен білімін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін паш етті. Сәкеннің сырлы жырлары арқылы ақын рухы асқақтап, әдеби мұраның ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік құндылық екені тағы бір мәрте айқындалды.
???? Жас дарындардың өнеріне тәнті болып, олардың талабын шыңдауға үлес қосқан ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
???? Байқауға қатысқан барлық оқушыларға шабыт, шығармашылық табыс және биік белестер тілейміз! Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
#сәкеноқулары2026 #сәкенсейфулллин#СейфуллинатындағыЖББМ