«AUYL SPORT – 2026»: МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!
«AUYL SPORT – 2026»: МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!
2026 жылғы 7–10 қазан аралығында Қарағанды облысында ауыл-аймақ балалары арасында «AUYL SPORT – 2026» спорттық жарыстары өтуде. Өңірдің 7 ауданынан 500-ден астам жас спортшы қатысып, спорттың 7 түрінен бақ сынауда.
Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
???? Бокс бойынша:
- Мұқанов Кенесары – 12–13 жас, 55 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын;
- Бақыжан Ерасыл – 12–13 жас, 43 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын.
???? Еркін күрес бойынша:
- Ыбырай Нұрхат – ???? І орын;
- Жұматай Ерхан – ???? ІІ орын;
- Шөкілбаев Әлдияр – ???? ІІ орын;
- Қошанбай Тәңірберген – ???? ІІІ орын;
- Алғапар Ансар – ???? ІІІ орын.
Сонымен қатар, еркін күрестен U13 жас санатында 41 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ыбырай Нұрхат қазан айында Астана қаласында өтетін ауыл-аймақ балалары арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.
Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда сәттілік, қайсарлық және жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Жеңісті күндерің көп болсын! Мектебіміздің мерейін асқақтата беріңдер! ????????????
#AUYLSPORT2026 #МектепЖаңалықтары #ЖасСпортшылар #ЖеңісҚұттыБолсын