«Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығының ІІ күні мазмұнды шаралармен жалғасты.
С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде «Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығының ІІ күні мазмұнды шаралармен жалғасты.
Оқушыларға «Олимпиадалық қозғалыс: Өткені мен бүгіні» тақырыбында спорттық-танымдық сабақ өткізіліп, олимпиадалық ойындардың тарихы мен маңызы таныстырылды. Сонымен қатар «Таң жаттығудан басталады!» ұранымен оқушылар таңғы жаттығу жасап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
#Қарағандыоблысы
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Денісаудың_жанысау
#дене_шынықтыру_апталығы
#Сейфуллинмектебі