«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2025–2026 оқу жылында жүзеге асыру аясында мектебімізде «Наурыз – АРТ» облыстық байқауына қатысу ұйымдастырылды. Байқау «Қамқор» және «Шабыт» жобаларын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолөнерге деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге оқушылардың өз қолымен жасаған түрлі бұйымдары қойылды. Олар ұлттық нақыштағы әшекейлер, кесте жұмыстары, ағаш және киіз бұйымдары, суреттер мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.
Көрме барысында оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттады. Әрбір жұмыс үлкен еңбек пен шығармашылық ізденістің нәтижесі екені байқалды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады. Ұлттық өнерді ұлықтау – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#Адалазамат
#біртұтастәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy