Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары аясында педагогтардың қатысуымен «Ел болашағы — жаңартылған Конституцияда» атты жиын ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары аясында педагогтардың қатысуымен «Ел болашағы — жаңартылған Конституцияда» атты жиын ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мұғалімдер Негізгі заңдағы басты өзгерістер мен жаңартулармен танысып, конституциялық реформалардың мемлекет пен білім беру жүйесін дамытудағы маңызын талқылады. Өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы педагогтардың рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy