Бүгін мектебімізде Республика күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты қабылдау жиыны өтті.
алтанатты жиынның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылық пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Аталған шара барысында оқушылар ұйым қатарына қабылданып, Отанға адал қызмет етуге, білімді де тәрбиелі азамат болып қалыптасуға деген ұмтылыстарын көрсетті.
Жас қырандықтар мен жас ұландықтарды құттықтай отырып, білім жолында биік белестерді бағындырып, еліміздің мақтанышына айналуларына тілектеспіз!