"Таза Қазақстан"-2026ж Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Табиғатты аялау, елді мекендерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Бұл бастама халықты тазалыққа шақырып қана қоймай, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция аясында елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланады. Сонымен қатар ағаштар отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың маңызы зор. Өйткені тазалық тек бір күндік науқанмен шектелмеуі керек. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамның күнделікті әдетіне айналғаны жөн. Көшеге қоқыс тастамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, жасыл желектерге зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға қосылған үлес.