ЕҢБЕК ТҮБІ — БЕРЕКЕ!
А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Еңбек күніне орай 9-10 сынып оқушылары арасында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, адал еңбекке құрметпен қарауға, жауапкершілікке, табандылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар еңбек туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, еңбекқорлық, жауапкершілік, табандылық және адалдық ұғымдарының маңызын талқылады. Сонымен қатар еңбектің адамды шыңдап, мақсатқа жетелейтін күш екендігі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
«Еңбек – жетістікке бастар жол»
«Адал еңбек – абыройдың негізі»
«Еңбек түбі – береке»
деген өмірлік қағидалар оқушыларға кеңінен насихатталды.
Еңбекқорлық пен жауапкершілік әрбір жас ұрпақтың жарқын болашағына бастайтын құндылық!

