«Күзгі әскери кросс»
Нұра ауданы бойынша мектептер арасында өткен «Күзгі әскери кросс» сайысында А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің «Жас сарбаз» командасы топ жарып, жүлделі орындарға ие болды!
Жеңімпаздарымыз:
14-15 жас аралығы (1-орын): Ахантаев Алпамыс, Ахантаев Айдын, Николаева Ульяна.
15-16 жас аралығы (2-орын): Ерден Жантөре, Абдусаматқызы Латифа, Жумабеков Алмат.Оқушыларымызды осынау жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беріңдер!

