back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН АРАЛЫҚ ЕМТИХАН
26-05-2026 11:22
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН АРАЛЫҚ ЕМТИХАН
26 мамыр күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде 5–8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша аралық емтихан жұмыстары басталды. Бүгін 5 және 6-сынып оқушылары емтихан тапсырмаларын орындады.
Аралық бақылау жұмыстары білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, білім сапасын саралау мақсатында ұйымдастырылуда. Емтихан өткізу барысында академиялық адалдық қағидалары мен белгіленген талаптар толық сақталды.
Білім алушыларға қолайлы жағдай жасалып, емтихан жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз білімдерін көрсетіп, жауапкершілікпен орындады.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости