back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
19 ақпан 2026 жылы шағын орталықта «Математика апталығы» аясында IV күн өткізілді.
25-02-2026 13:09
19 ақпан 2026 жылы шағын орталықта «Математика апталығы» аясында IV күн өткізілді.

Күннің тақырыбы – «1–5 сандары». Іс-шаралардың мақсаты – тәрбиеленушілердің 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту, санау дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру және пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Күн «1–2 дейін санаймыз» атты ойынмен басталды. Кіші топ балалары ойын арқылы 1 және 2 сандарын қайталап, заттарды салыстырып, санау жаттығуларын орындады. Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Ортаңғы топта «1–3 дейін санау» танымдық ойыны ұйымдастырылды. Балалар 1-ден 3-ке дейін санауды пысықтап, көрнекіліктер арқылы сандарды сәйкестендірді. Ойын барысында балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттері дамыды.

«1–5 дейін санау» атты ашық іс-әрекет барысында ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері 1-ден 5-ке дейін еркін санап, есептер шығарып, логикалық тапсырмалар орындады. Балалар сандарды ретімен орналастырып, салыстыру жұмыстарын жүргізді.

Күннің екінші жартысында «Смарт-Экспресс: сандармен қызықты саяхат» байқауы өтті. Балалар түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы сандар әлеміне саяхат жасап, білімдерін көрсетті.
Жалпы алғанда, күн мазмұнды, қызықты әрі нәтижелі өтті. Балалар өз білімдерін бекітіп, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырды.

Новости