Күннің мақсаты – балалардың түстерді ажырату, геометриялық пішіндерді тану және оларды өмірмен байланыстыра білу дағдыларын дамыту.
Күн «Түстерді ажыратамыз» ойынымен басталды. Кіші топ тәрбиеленушілері түрлі-түсті заттарды ажыратып, сәйкес түстер бойынша топтастырды. Балалар белсенді қатысып, негізгі түстерді дұрыс атауға жаттықты.
Келесі «Геометриялық пішіндер» ұйымдастырылған іс-әрекетінде барлық топтар шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты пішіндерді қайталап, оларды қоршаған ортадан табу тапсырмаларын орындады. Балалардың пішіндерді ажырату және салыстыру дағдылары бекітілді.
«Пішіндер қаласы» құрастыру жұмысында мектепалды сынып тәрбиеленушілері геометриялық пішіндерден әртүрлі жануарлар мен композициялар құрастырды. Балалар шығармашылық танытып, пішіндерді тиімді пайдалана білді.


