«Қайсысы үлкен?» дидактикалық ойынында кіші топ балалары заттарды салыстырып, үлкен және кіші ұғымдарын бекітті. Балалар көрнекілік арқылы айырмашылықтарды анықтап, дұрыс жауап беруге тырысты.
«Салыстырып көрейік» танымдық ойынында ортаңғы топ тәрбиеленушілері ұзын-қысқа, биік-аласа ұғымдарын іс жүзінде салыстыру арқылы меңгерді. Тапсырмалар балалардың ойлау, талдау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
«Логикалық қатар» тапсырмасында мектепалды сынып оқушылары заттарды белгілі бір ретпен орналастырып, заңдылықты табу жұмыстарын орындады. Бұл жұмыс балалардың логикалық ойлауын, зейінін және жүйелілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Күн соңында балалардың салыстыру дағдылары жетіліп, математикалық ұғымдарды дұрыс қолдану деңгейі артқаны байқалды.

