Аталған семинардың басты мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын (vibe coding, Claude, Cursor, Grok AI, ChatGPT, Gamma, Canva және т.б.) тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жақсарту және мұғалім уақытын үнемдеудің нақты жолдарын көрсету болды.
Семинарға аудан мектептерінің педагогтері қатысып, теориялық және практикалық бағыттағы мазмұнды жұмыстарға белсене араласты.
???? Теориялық бөлімде жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі стратегиялық маңызы, тәрбиелік бағыттағы мүмкіндіктері, киберқауіпсіздік, кітап оқуды дамыту, цифрлық ортадағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды.
???? Практикалық-әдістемелік бөлімде математика, биология, информатика, химия, тіл пәндері, тарих, бастауыш сынып және STEM бағыттары бойынша ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Педагогтер ЖИ көмегімен:
✔ сабақ жоспарын құру,
✔ деңгейлік тапсырмалар дайындау,
✔ кері байланысты автоматтандыру,
✔ оқытуды даралау әдістерін іс жүзінде көрді.
Қатысушылар заманауи білім беру үрдісіндегі цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасу алаңының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына оң пікір білдірді.
Семинар соңында сұрақ-жауап алаңы өткізіліп, тәжірибе алмасқан ұстаздарымызға сертификаттар табысталды.
???? Аудандық семинар – тәжірибе алмасу, кәсіби даму және цифрлық білім берудің жаңа кезеңіне қадам жасаудың жарқын үлгісі болды.
Осындай мазмұнды іс-шаралардың ұйымдастырылуына атсалысқан барша әріптестерге алғыс білдіреміз!





