7 “ Ә” сыныбында “Бейтаныс адамдармен қатынастағы қауіпті белгілер” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
???? Мақсаты:
1.Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету;
2.Қауіпті жағдайларды ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақ барысында оқушылар келесі сұрақтарға қатысты ойларын анық білдірді:
• Бейтаныс адам деген кім?
• Олармен сөйлескенде неге сақ болу керек?
Оқушылардан тест алынып, тест нәтижесі бойынша оқушылардың бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелерін білетіні анықталды.
Оқушылар топтық жұмыс түрлерін жасады.

