16 ақпан 7 А сыныбында “Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар” атты тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға бейнематериал көрсетіліп, жан-жақты ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерді пысықтау мақсатында тест алынды. Сондай-ақ, “Теміржол өтпелерінен, қала сыртындағы жолдардан дұрыс өту ережелері” атты қауіпсіздік сабағы қамтылды. Оның аясында оқушылар бейнеролик көріп, соны талқылап, ережелерді есте сақтауға арналған жаттығулар жасады.