“Қуатты елдің тірегі – жаңартылған Конституция” тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Мектеп педагогтарының қатысуымен жаңа Конституция аясында арнайы отырыс ұйымдастырылды. Кездесу барысында негізгі заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланып, олардың қоғам дамуы мен білім беру саласына тигізер ықпалы жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелер төңірегінде ашық түрде пікір алмасты. Мұндай басқосулар ұжымның құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық белсенділікті нығайтуға бағытталған.

