back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕҢІС: IMPACT OLYMPIAD – 2026
25-02-2026 09:23
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕҢІС: IMPACT OLYMPIAD – 2026

Білім беру саласында кезекті айтулы жетістікке қол жеткіздік. Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен тренерлеріне арналған VIII Халықаралық IMPACT Olympiad додасында әріптесіміз Азаматұлы Жасұлан жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі қола медаль иегері атанды.
Осынау маңызды жеңіске орай Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденей Жасұлан Азаматұлын арнайы құттықтады. Ол ұстаздың білім беру саласындағы адал қызметі мен дарынды оқушыларды тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, құрмет белгісі ретінде Алғыс хат пен 300 000 теңге сертификатын салтанатты түрде табыс етті.
Бұл беделді марапат — ұстаздың терең интеллектуалдық әлеуеті мен заманауи ғылымды меңгерудегі жоғары біліктілігінің айқын жемісі. Халықаралық аренада еліміздің білім саласындағы беделін асқақтатып, кәсіби биіктен көрінген Жасұлан Азаматұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Новости