30.01.2026 күні 7 “ә” сыныбында физика пәнінен тізбектелген сабақтың 4 ші сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: Гидравликалық машиналар
Сабақтың мақсаты:
-Гидравликалық машинаның жұмыс принципін меңгеру және Паскаль заңын есептер шығаруда қолдану.
-Күнделікті өмірмен гидравликалық машиналардың байланысын түсіндіру(ЖИ сабақ мақсатымен таныстырып өтті)
Үй тапсырмасын тексеру????????????
Educoplay платформасы арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында:
•тақтамен жұмыс(есептер)
.Жұптық жұмыс(сұрақ,есеп)Google форма арқылы жасалды.
. жеке жұмыс(әлеуметтік желілер бойынша қима қағаздар)
.тәжірибелік жұмыс (Кран тәжірибесі гидравликалық машинаның Паскаль заңы бойынша жұмыс істейтінін дәлелдейді. Кіші поршеньге түсірілген қысым сұйық арқылы үлкен поршеньге беріліп, соның нәтижесінде аз күшпен ауыр жүкті көтеруге болады. Бұл тәжірибе гидравликалық крандардың құрылыс пен өндірісте тиімді әрі қажетті екенін көрсетеді.)????????????
Сергіту сәті-гидравликалық машиналарды пазл арқылы құрастыру.
Сабақ соңындағы рефлексия????️
Инстаграмм кері байланысы карточка арқылы таратылды.
Бұл сабақ оқушылар үшін өте қызықты өтті.Сабақ барысында қолданылған суреттер ЖИ арқылы жасалды.
Физика сабағы оқушылар үшін қызықты әрі физикалық білімдерін күнделікті өмірмен байланысын ұғындыруға бағытталды. Қорытындылай келе, гидравликалық машиналар адам еңбегін жеңілдетіп, ауыр жұмыстарды қауіпсіз әрі тиімді орындауға мүмкіндік береді және қазіргі техника мен технологияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Пән мұғалімі: Жанаөмірова Сағыныш Жақсылыққызы????????????


