ТІЛДЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
ТІЛДЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 6 «Ә» сынып оқушылар арасында қызықты әрі танымдық интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды!
Оқушылар ойын барысында тілдер әлеміне саяхат жасап, әртүрлі тілдердегі сөздермен танысты, олардың мағыналарын салыстырды және білімдерін қызықты тапсырмалар арқылы сынады.
Ойын барысында:
«Тілдер көпірі» – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сөздерді сәйкестендірді;
«Сөз-хамелеон» – мағынасы бөлек сөзді тапты;
«Құпия чемодан» – сөздерді амандасу, алғыс, өтініш және қоштасу бойынша топтастырды;
«Тілдер ғарышы: 6 портал» – шағын квест тапсырмаларын орындап, құпия «ДОСТЫҚ» сөзін ашты.
Балалар ойын барысында тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, бір-бірін тыңдауға, бірге жұмыс істеуге, өзге тілдер мен мәдениеттерге құрметпен қарауға үйренді.
Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі туралы да мағлұмат берілді. Оның өнегелі сөзі бүгінгі ұрпаққа да бағыт береді:
«Өз тіліңді сүй, өзге тілді құрметте».
Сабақ соңында «Тілдер гүлзары» рефлексиясы арқылы оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Әр тіл – ерекше әлем. Тілдер әртүрлі болғанымен, жылы сөз бен достықтың мағынасы бәріне ортақ!


