«Қолайсыз ауа райы кезінде не істеу керек?»
5 «А» сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған» және «Қолайсыз ауа райы кезінде не істеу керек?» тақырыптарында сынып сағаты және қауіпсіздік сабағы өткізілді.


«Буллингтен қорған» тақырыбында оқушылар буллингтің алдын алу, өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайда көмек сұрау және сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынас орнату туралы пікір алмасты.

Қауіпсіздік сабағында қолайсыз ауа райы кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылар дауыл, қатты жел, найзағай, жаңбыр және басқа да табиғи құбылыстар кезінде өздерін қалай қорғау керектігін талқылады.