back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі
02-09-2026 12:39
Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі
«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында 8-сынып оқушылары арасында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясындағы азаматтардың табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаларымен байланысты құндылықтар талқыланды.

 

Оқушылар «Таза Қазақстан» идеясын қолдай отырып, тазалық сақтау, қоқысты сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны ластамау сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым әрі маңызды әрекеттер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар әр азаматтың табиғатты қорғауға қосатын үлесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.
Сынып сағаты барысында оқушылар экологиялық жауапкершіліктің тек табиғатты қорғаумен шектелмей, саналы азаматтық ұстаным мен қоғамдық мәдениеттің маңызды бөлігі екенін түсінді.
Новости