back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Мектепке жол»
21-08-2026 09:50
«Мектепке жол»
Құрметті ата-аналар!
???? 2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.
???? Мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар отбасылар мектептің «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ/НОБД) базасындағы мәліметтер негізінде автоматты түрде анықталады.
???? Акция аясында төмендегі 5 санатқа жататын білім алушыларға материалдық көмек көрсетіледі:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардан шыққан балалар.
2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, бірақ АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар.
3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін отбасылардың балалары.
5. Алқалы органның шешімі негізінде көмекке мұқтаж деп танылған білім алушылар.
???? Қосымша сұрақтар бойынша “Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)”КММ-нің әлеуметтік педагогіне немесе мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.
???? «Мектепке жол» акциясы – әр баланың жаңа оқу жылына толық дайындықпен келуіне бағытталған игі бастама. #адал_азамат
 
 
Новости