Абай ауданының білім беру ұйымдары арасында қыздар арасындағы аудандық әскери үшсайыс жарысы өтті.
Іс-шара ???? 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-жігерін, төзімділігін, мергендігін және әскери дайындықтарын көрсетті. Қыздарымыз батылдық пен табандылықтың, отансүйгіштік рухтың жарқын үлгісін танытты.
Бұл жарыс – жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтатын маңызды қадам.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!