back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
«Алғыс – ізгі ниет» сынып сағаты
02-03-2026 09:31
 «Алғыс – ізгі ниет» сынып сағаты

 «Алғыс – ізгі ниет» сынып сағаты

Бүгін 6А сыныбында «Алғыс – ізгі ниет» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар «АЛҒЫС» ұғымының мәнін талқылап, оның адамгершілік, құрмет пен мейірімділікке негізделетінін түсінді.

1 наурыз — Қазақстандағы Алғыс айту күні. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы осы күнді бекітіп, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бір-біріне ризашылық білдіретін ерекше мерекесіне айналдырды. Бұл күн — төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс айтатын, бірлігімізді нығайтатын маңызды дата.

Сынып сағаты барысында оқушылар бір-біріне жүрекжарды алғыс сөздерін жазып, жылы лебіздерін білдірді.

Біздің сыныпта жеті ұлттың балалары білім алады. Бірақ бәрін біріктіретін ортақ мақтаныш бар — олардың барлығы Қазақстанның перзенттері, мақтанышпен айтатын ортақ атауы бар — ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР.

Бірлік пен сыйластық — біздің басты құндылығымыз ????

Новости