«Адал ұрпақ» мектеп клубының белсенділері 10-сынып оқушылары үшін «Адалдық — ардың ісі» атты интеллектуалды викторина ұйымдастырды. Мақсаты: Ұрпақтар сабақтастығын көрсету, ұлттық мәдени мұраны (Абайдың, Шәкәрімнің еңбектерін, билердің даналығын) дәріптеу және жоғары сынып оқушыларының бойында адалдық, ар-намыс пен әділдік құндылықтарын тәрбиелеу. Сұрақтардың негізіне Абайдың терең нақыл сөздері, Шәкәрімнің философтық еңбектері, қазақ билерінің шешендік шешімдері мен ар-намыс және әділдік туралы халық мақал-мәтелдері арқау болды.