back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Аттестаттау
24-09-2026 12:40
Аттестаттау

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлерінде, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында, педагогтерді аттестаттауды өткізу және оларға біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру және енгізу» тақырыбында педагог қызметкерлер арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ-де педагог қызметкерлер арасында жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – педагог қызметкерлерге академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажеттілігін түсіндіру, білім беру үдерісінде адалдық, әділдік, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ педагогтерді аттестаттауды өткізу және оларға біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде академиялық адалдық талаптарын сақтау жөнінде ақпарат беру.

Түсіндіру жұмыстары барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, педагогтердің кәсіби қызметіндегі адалдық пен жауапкершілік, аттестаттау кезінде ұсынылатын құжаттар мен материалдардың шынайылығы, сондай-ақ біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімдерінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелері қарастырылды.

Педагогтерге аттестаттау материалдарын дайындау кезінде деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету, авторлық материалдарды адал пайдалану, басқа тұлғалардың еңбектерін рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу және пайдаланылған ақпарат көздеріне тиісті сілтемелер жасау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар білім беру ұйымында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы және педагогтердің білім алушыларға жеке үлгі көрсетуі туралы айтылды.

Түсіндіру жұмыстары барысында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша тиісті түсіндірмелер алды.

Новости