Білім беру бөлімінің әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Жер – біздің үйіміз» жаратылыстану-танымдық функционалдық сауаттылық апталығының қорытындысы бойынша семинар-практикум.
2025 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданының білім бөлімінің «Аққу» бөбекжай» КМҚК базасында білім беру бөлімінің әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін «Жер – біздің үйіміз» жаратылыстану- танымдық функционалдық сауаттылық апталығының қорытындысы бойынша семинар – практикум өтті. Семинардың мақсаты балаларда экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру, табиғат объектілері арасындағы қатынастарды түсіну, табиғат пен оның объектілеріне ұқыпты қарау, қоршаған әлеммен өзара іс-қимылды дамыту болды. Семинарға 59 педагог қатысты.
Семинар екі бөлімнен тұрды. Семинардың бірінші бөлімінде «Жер – біздің үйіміз» апталығының бейне шолуы ұсынылып, содан кейін балалар «Саған не болды қымбатты жер?» тақырыбында эко-қойылым көрметті. Педагогтар шеберлік сыныптары арқылы педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Екінші бөлімде «Өз ойыным» рефлексиясы және «Жер - біздің үйіміз» арт– тимбилдингі өткізілді.
Кездесу соңында семинарды ұйымдастырушылар мен педагогтар «Аққу» бөбекжай» әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Жас ұстаздарымызға шығармашылық ізденіс, еңбекқорлық, педагогикалық өмірде жаңа жаңалықтар тілейміз!








