"Ахмет Байтұрсынұлы атындағыТМ" КММ әдістемелік кеңестің отырысы өткізіліп, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылды.
Күн тәртібінде:
Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, аттестаттау нәтижелерін талдау және кәсіби дамуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін қарастыру.
Оқушылардың зерттеу қызметін жүргізуге дайындығын анықтау. Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми жобаларға қызығушылығын арттыру және зерттеу жұмыстарына дайындығын бағалау мәселелерін талқылау.
Отырыс барысында педагогтердің кәсіби өсуін қолдау, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге назар аударылды.
Әдістемелік кеңестің мақсаты – білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және оқушылардың шығармашылық-зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ету.
Кәсіби дамуы мен оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
#Нұрабілімбөлім
@takishevdarkhan