15 мамыр 2026ж. «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ТМ (РО)" КММ 3 қазақ және орыс сыныптарының оқушылары білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.
Байқауда ерекше көзге түскен оқушыларымыз III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, бірнеше оқушымыз білімге деген ынтасы мен ізденісінің арқасында «ZERDELI APP» интеллектуалды қосымшасына 1 айлық тегін жазылым ұсынатын арнайы ГРАНТ СЕРТИФИКАТЫНА ие болды. Сонымен қатар, "Үздік Медиа мектеп" номинациясы бойынша 30 мың теңге ұтысына ие болды.
Осындай жетістікке жеткен жас математиктерімізді және олардың жетекшілері Абсатова Данагуль Абаевна мен Шалова Светлана Сергеевна шын жүректен құттықтаймыз!