«Алтын сақа» математика олимпиадасы
«Рахим Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математика олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Интеллектуалдық сайыстың басты мақсаты — оқушылардың математикалық білімі мен логикалық ойлау қабілетін дамыту, дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау.
Сынақ қорытындысы бойынша мектеп ішінен суырылып шығып, аудандық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
5 сынып бойынша:

1-орын: Сағатова Зарина
6 сынып бойынша:

1-орын: Жармагамбет Әнел, Скранжевская Виталина.