«Экошебер» күні жазғы лагерь
Р.Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы лагерьде «Экошебер» күні өтті. Балалар шығармашылық жұмыстармен айналысып, қолда бар материалдарды тиімді пайдалануды үйренді. Балалар өз қолдарымен желкенді қайық жасап, оны безендіру барысында қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Іс-шара балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, табиғатты қорғау мен заттарды қайта пайдаланудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Балалар таңғы жаттығу жасап, балалардың дұрыс әрі сапалы тамақтануна ерекше көңіл бөлінді.Күн қызықты тапсырмаларға толы болып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тәрбиешілер: З.М.Блялова
Д.Ж.Бекмагамбетова