Табиғатты қорғау күні аясында «Болашақ» лагерьде танымдық әрі қызықты іс-шара өтті
Табиғатты қорғау күні аясында «Болашақ» лагерьде танымдық әрі қызықты іс-шаралар өткізілді. Күннің басында балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы әлеуметтік ролик тамашалады. Ролик арқылы қоршаған ортаны аялау, табиғатты ластамау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы маңызды мәліметтер алды.
Одан кейін тәрбиеленушілер шығармашылық жұмысқа қатысып, табиғат тақырыбында түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Балалар өз қиялдарын пайдаланып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық жұмыстарында көрсетті. Іс-шараның мақсаты – балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа жанашырлық сезімін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиешілер: Есенова М.К, Каримолдина Г.Е