Бүгін Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің жанындағы «Болашақ» жазғы лагерінде «Ұлттық ойындар» күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балалар екі топқа бөлініп, арқан тарту, қол күрес және бес асық, тақия тастау сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстар барысында оқушылар ұйымшылдықтарын, ептіліктерін және күш-жігерлерін көрсетті. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрлерге деген құрметтерін арттырды.