« С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ 2026 жылдың 26-29 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 13 сәуірінде № 96 бұйрығымен өзгерістер енгізген қағидасының 2 тарау 35 тармағына сәйкес, қазақ тілі пәнінен оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында 5-8 сыныптарда, 10 сыныпта емтихан өткізілді.
Емтихан барысында, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері құрастырып, мектеп директорымен бекітілген, емтихан тапсырмалары қолданылды.
Емтиханды барлығы 95 оқушы тапсырды. Сонымен қатар емтиханды «5» бағасына -30, «4» бағасына -41 оқушы тапсырды. Білім сапасының көрсеткіші -74, 7 %.