«Күмбірле, домбыра»
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Күмбірле, домбыра» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жас таланттардың шығармашылық қабілетін дамыту және домбыра өнеріне деген қызығушылықты арттыру.
Бұл байқауға 18 оқушы қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар "Ансамбль", "Жеке орындау" , "Домбырамен ән" номинациялары бойынша қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жас домбырашылар қазақтың ұлттық күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау соңында өнерпаздар 1-орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Жетекшісі: Темирбаева Арнагуль Оразаевна

