«Әскери-қолданбалы спорт»
18 мамыр күні Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әскери-қолданбалы спорт» түрлерінен тартысты жарыс өтті.
Аудандық бәсекеде бақ сынаған А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің 14-15 жас аралығындағы құрама командасы жоғары дайындық пен ауызбіршілік көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, жеке есепте мектебіміздің мақтанышы Ахантаев Алпамыс жүйріктігімен көзге түсіп, «Жүгіру» номинациясы бойынша І орынды бағындырды.

