back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Зерделі ұрпақ"
18-05-2026 10:56
15.05.2026ж. Байтуған ЖББ мектебінің базасында 3-сынып оқушылары арасында аудандық "Зерделі ұрпақ" математикалық олимпиадасы болып өтті.
​Бұл додаға А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің намысын қорғауға 10 оқушыдан құралған құрама команда қатысты. Нақтырақ айтсақ, мектебіміздің атынан 3 қазақ сыныбының және 3 орыс сыныбының ең үздік, математикаға жүйрік бүлдіршіндері бақ сынады.
​Олимпиада өте қызықты әрі тартысты өтті. Логикалық және математикалық тапсырмалардың күрделі болғанына қарамастан, біздің жас дарындарымыз өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсете білді.
​ Нәтижесінде: А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді!
​Балалардың алғашқы үлкен асуларының бірі құтты болсын! Жас математиктерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруді тілейміз. Сенім артқан ұстаздары мен ата-аналарының үміті ақтала берсін!
Новости