Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым етіп
Бүгін Жеңіс күні қарсаңында А.Асылбеков атындағы ЖББМ ұстаздары мен оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым етіп, ауыл саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында майдангерлердің ерлігі еске алынып, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбегіне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ардагерлерді еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жарияланып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

