«Бұрышты салу және өлшеу»
Бүгін, 05.05.2026ж. 4–5 сыныптар арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес пән мұғалімі Сынабаева Г.Т. 4-сынып оқушыларына «Бұрышты салу және өлшеу» тақырыбында математика сабағын өткізді.
Сабақтастықтың мақсаты: бастауыш сынып түлектерінің негізгі мектепте білім беру стандарттарын сапалы деңгейде меңгеруін қамтамасыз ету; белсенді оқыту әдістерін және әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім беру кеңістігін кеңейту; бастауыш және 5-сынып мұғалімдерінің өзара сабақтарға қатысуын жүйелі түрде ұйымдастыру; оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке ауысу кезеңінде бейімделуіне жағдай жасау және 5-сыныпта білім алуды табысты жалғастыруына ықпал ету.

