Біздің мектебіміз Ұлы отан соғысының қаһарманы,Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атымен аталуы біз үшін үлкен мәртебе.Ұстаздар мерекесі қарсаңында Р.Қошқарбаев атындағы мектеп ұжымына Темеш руының өкілі ,ақын Тынысбеков Сайлау Қуанышұлы өзінің ұстаздарға деген құрмет пен шынайы ризашылығын білдіріп жүрек жарды өлең жолдарын арнап жолдады. Мектебіміздің ұстаздары Сайлау Қуанышұлы сізге шын жүректен алғыс айтамыз.Қаламыңыз мұқалмасын,шығармашылық шабыт тілейміз! Ізгі құрметпен,Р.Қошқарбаев атындағы мектеп ұжымы!