back-image
"С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
«Қамқорлық» акциясы өтті
01-10-2026 14:36
«Қамқорлық» акциясы өтті
1 қазан Қарттар күніне орай С. О. Талжанов атындағы НОМ-ның өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 8-9 сынып оқушылары «Қамқорлық» акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында жалғыз тұратын қарт Төреханова Айнагүл әжейдің үйіне барып, жағдайын сұрап, тұрмыстық қажеттіліктеріне қолдау көрсетілді. Оқушылар қарияға жылы лебіздерін білдіріп, үй шаруасына көмектесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, жалғыз басты қарттарға қамқорлық таныту, оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, үлкенді сыйлауға және қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.
Қарт әжей оқушыларға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, үлкенге құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.
Акция барысында оқушылар қарт жанға көңіл бөліп, өздерінің ізгі ниеті мен қамқорлығын көрсетті.
Аға тәлімгер Ж.Ж.Абенова
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі
Новости